1.Жалпы сипаттамасы
1.1.Құрылтай құжаттары және ішкі тәртіпті реттейтін құжаттар
Білім беру ұйымының толық атауы: ЖК «Жаса» «Ай-Жұлдыз» бөбекжай бақшасы
Түрі: Мемлекеттік жекеменшік кәсіпорын.
Білім беру ұйымының орналасқан жері: 060027, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Керей Исмагулова 32, 34, Махамбета 99В.
Заңды тұлғаның байланыс деректері: 7 7024596116;
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтам: 02.01.2019ж №91
БИН 650629401920
Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: Құрылтайшы Бисембаева Салима Таусиковна.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптау қортындысы туралы:
09.07.2018жыл, № E.01.X.KZ71VBS00114286
Жұмыс тәртібі: бескүндік жұмыс аптасы, 08:00-18:30
1.2.Мектепке дейінгі ұйым туралы жалпы мәліметтер
ЖК «Жаса» «Ай-Жұлдыз» бөбекжай бақшасының ғимараты 2 қабаттан тұрады сыйымдылығы 128 орын. Бөбекжай бақшасында 9 топ құрылған, барлығы қазақ тілінде, қазырғы уақытта 115 бала тәрбиеленуде. Бөбекжай - бақшасына бала қабылдау 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап INDIGO 24 kz. -электрондық портал арқылы жүзеге асырылады.
Өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау сызба жоспары ғимараттың әр қабатында ілініп, өрт сөндіру құралдарымен толықтай жабдықталған. Автоматты өрт дабыл қаққыштар жұмыс жасайды, апаттық (эвакуациялық) жарықтандыру белгілері орналасқан. Жалпы саны 36 бейне бақылау камерасы орнатылған оның 28 ішті, 8 сыртқы түсірілімді көрсетіп тұр. Сақталу мерзімі 1 ай.
Дабылқаққыштар мен бейне бақылау камераларының дұрыс жұмыс жасауына ТОО «ОЦПО» мен №201 келісім шарт 07.10.2022ж келісім шартқа отырылды.
Кәсіпорынның Террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалу жұмыстары жасақталып бекітілген. Жылына 1 рет оқу жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларына сай темір шарбақпен қоршалып, 9 топтың ойын алаңы 9 бөлінген. Аула аумағында балалардың топтарына арналған шағын архитектуралық формалармен, құм салғыштармен жабдықталған. Балабақша учаскесіне кiру жолдары, көлiкпен өту жолдары, шаруашылық құрылыстарға, қоқыс жинағыштарға арналған алаңдарға, санитариялық-аулалық қондырғыларға өтетiн жолдар қатты жабынмен жабылған (тротуарлық плитка). Бөбекжай-бақшасының жылу жүйесі мен таза су желісі орталықтандырылған.